НҰРКҮЛ ҚҰЛТАЙҚЫЗЫ 70 жаста!
ҚҰРМЕТТІ НҰРКҮЛ ҚҰЛТАЙҚЫЗЫ!
Сізді 70 жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіз ұзақ жылдар бойы архив саласына адал қызмет етіп, облыстық архивтің дамуына елеулі үлес қостыңыз. Құжаттардың сақталуы мен тарихи деректердің ұрпаққа жетуі – Сіздің еңбегіңіздің жарқын көрінісі.
Басқарудағы шеберлігіңіз, әріптестерге деген ілтипатыңыз бен адамгершілік қасиеттеріңіз Сізге деген ерекше құрметті туғызды. Сізден тәлім алған көптеген мамандар бүгінде салада табысты еңбек етуде.
Мемлекет Сіздің еңбегіңізді жоғары бағалап, медальдар мен Құрмет грамоталарымен марапаттады.
Сізге зор денсаулық, бақыт, отбасылық береке және ұзақ ғұмыр тілейміз! Жүрегіңіздегі жылулықты сақтап, айналаңызға нұр шаша беріңіз! 
Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің ұжымы.


