ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ…
Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы»№326-1 Заңы,Қазақстан Республикасының Мәдениет спорт министірінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы,Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығының талаптарының басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті», «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы» РММ, «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕАҚ-не тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.


