АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ “ЖЕҢІС” САЯБАҒЫНДА ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙЫП, БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ
Бүгін архив қызметкерлері «Жеңіс» саябағына барып, Ұлы Отан соғысының батырлары мен ардагерлеріне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті. Шара батырлар рухына тағзым ету және олардың Отан жолындағы ерліктерін мәңгі есте сақтау мақсатында ұйымдастырылды.
Саябақтағы мемориалдың алдына гүл шоқтары мен гүлдестелер қойылып, соғыс жылдарында қаза тапқан қаһармандар бір минут үнсіздікпен еске алынды. Архив қызметкерлері әрбір гүлдің арғы бетінде тарих, от пен окоптың куәсі, аман қалған ұрпаққа жеткен аманат барын айтты.
Соғыс ардагерлерінің есімдері, олардың ерлік істері архив құжаттарында сақтаулы. Бұл тек бір күннің емес, ұрпақтар жалғасының игі ісі. Архившілер өздерінің бүгінгі тағзымымен барша қазақстандықтарды батырларды еске алуға, тарихқа құрметпен қарауға шақырды



