Құрметті Ляззат Серікбекқызы!

image_pdfimage_print
Сізді 55 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіз – білікті басшы, парасатты тұлға, өз ісінің нағыз маманысыз. Ұжымымызды алға жетелеп, әрдайым қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп келе жатқаныңыз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сіздің іскерлігіңіз бен ұйымдастырушылық қабілетіңіз, адамгершілігіңіз бен қарапайымдылығыңыз баршаға үлгі.
Осы мерейлі жасыңызда Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық бақыт, еңбегіңіздің жемісін көріп, абыройыңыз асқақтай беруін тілейміз. Әр күніңіз қуанышқа толы болып, алар асуларыңыз биік, жетер жетістіктеріңіз мол болсын!
Ізгі ниетпен,
Жамбыл облысының мемлекеттік архив ұжымы!

You may also like...