Ведомстволық архивтің 2020-2022 жылдарға арналған жұмыс жоспары

«Ведомстволық архивтің 2020-2022 жылдарға арналған жұмыс жоспары,құжаттарды қабылдау-өткізу актісінің үлгісі» бойынша семинар

«Тараз қаласының мемлекеттік архиві» КММ-сі Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы №326-І заңының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы №1 хаттамасымен бекітілген «Ұйымның ведомстволық (жеке) мұрағаты туралы үлгілік ережесі», «Ұйымның орталық сараптау комиссиясы (сараптау комиссиясы) туралы үлгілік ережесі», «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» КММ 02.03.2020 ж. №2 шығыс хаты негізінде жинақтау көзі тізіміне енгізілген мекемелер арасында «Ведомстволық архивтің 2020-2022 жылдарға арналған жұмыс жоспары,құжаттарды қабылдау-өткізу актісінің үлгісі» бойынша 2020 ж. 11 наурыз күні  семинар сабағы өткізілді. Барлығы 56 мекеменің 40 мамандар қатысты.




СТУДЕНТТЕР АРХИВТЕ

Еліміздің басты байлығы да, болашағы да Қазақстанның жастары. Жұмыс жоспарға сәйкес «Тараз қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Архив — болашақ ұрпаққа мұра» тақырыбында ЖОО білімгерлерінің қатысуымен архив қорына жаңадан еңген құжаттарға экскурсия өткізілді. Көрмеге өңір тарихына қатысты құжаттар, мәдениет, білім, денсаулық, өнеркәсіп саласына үлес қосқан жеке қор құраушылардың жеке тектік құжаттары мен тарихи деректері қойылып, насихатталды. Сонымен қатар аса жоғары талғам мен біліктілікті қажет ететін «фотограф» мамандығының иесі Қартабай Алтынбек Болатұлының Тараз қаласына қатысты фото суреттері қойылды.

Келуші студенттер архив туралы өз пікірлерін ортаға салып, ойлары мен алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді. Жалпы қатысушылар саны 30 білімгер.