Әдістемелік көмек көрсетілді.

  Әдістемелік көмек көрсетілді.
             Мониторинг бойынша Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №703 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары туралы» №575 қаулысының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Садыхан облыстық кеңес беру және диагностикалық медицина орталығы» ЖШС-не, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МКК-на, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-не, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернаты» КММ-не, Жамбыл облысы әкімідігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-не, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық кино орталығы» КМҚК-на, «Халықаралық Тараз инновациялық институты» мекемесіне ағымдағы жылдың 01-03 маусым аралығында іс жүргізу және архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.
                           



Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті!

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті!
        Жамбылдықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.
        Шараға қатысушылардың қатарында облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбаймен қатар облыстық және қалалық мәслихаттардың, Ардагерлер кеңестерінің, Қоғамдық кеңестердің, «Amanat» партиясы облыстық филиалының, этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, қайғылы кезеңде қаза тапқан марқұмдардың туыстары мен жақындары да болды.
        Жамбыл облысының мемлекеттік архиві директоры Көсемәлі Сәттібайұлы да аталмыш жиынға қатысып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті. Арнайы гүл шоғын облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай мен облыстық архив директоры Көсемәлі Сәттібайұлы қойды.
           



«Помним и скорбим» атты мақаласы.

Жамбыл-Тараз қалалық қоғамдық-саяси газетінің 27.05.2022 жылғы №22 санына Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері К.Сәттібайұлының 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Помним и скорбим» атты мақалада газет тілшілеріне берген сұхбаты жария етілді.




«Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдалану» атты семинар.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдалану» атты семинар.
27.05.2022 жылы Алматы қаласы Орталық мемлекеттік архивінде Архив істері және құжаттаманы басқару Комитетінің ұйымдастыруымен «Құжаттарды пайдалану Республикалық шығармашылық зиялылар» форумы аясында «Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдалану» атты семинар өтті. Семинарға республика бойынша аталмыш саланың жетекші мамандары мен мекеме қызметкерлері шақырылған. Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің тарапынан «Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау» бөлімінің басшысы Зейнуллаұлы Сағындық қатысты.
            Іс—шара барысында архив ісі ,құжаттық басылымдар, аудиобейнеқұжаттар және өзге де өзекті тақырыптар бойынша слайд-презентациясылар тыңдалды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің өкілі Қ. Бораш жиын жайлы өз пікірін білдіріп,тілге тиек еткен болатын.
Жиын соңы «Бірыңғай электрондық құжаттар архиві» АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету бойынша таныстыру жұмыстарымен және ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің көрмесімен тәмамдалған болатын.



Ғылыми-тәжірбиелік конференция

«Жобалық құжаттама: теория және практика» атты ғылыми-тәжірбиелік конференция
Алматы қаласында Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде «Жобалық құжаттама: теория және практика» атты ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Конференцияда жобалық құжаттаманы құрастыруға, оның сақталуын қамтамасыз етуге және оны танымдық мақсаттарда пайдалануға қатысты мәселелер кеңінен талқыланды. Бұл іс-шарада Астана, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл облысының архив мамандарымен қатар, Ресейдің Мәскеу қаласындағы Бүкілресейлік құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институтының мамандары, Самара қаласындағы Ресей мемлекеттік архивінің қызметкерлерімен аралас режимде өз пікірлерімен бөлісті.



Шоқан Уалиханов атындағы тарих және этнология институтынан арнайы іс-сапар.

Шоқан Уалиханов атындағы тарих және этнология институтынан арнайы іс-сапар.
Шоқан Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Саяси құғын-сүргін құрбандарын толық ақтау комиссиясының 1916-1930 жылдардағы қазақстандық босқындар туралы тақырыпты қарастыратын Бесінші республикалық жұмыс тобының мүшесі – Раушан Қайсанқызы арнайы іс-сапармен Жамбыл облысының мемлекеттік архивіне келді.
Ол жұмыс барысында, Жамбыл облысының мемлекеттік архивіндегі керекті құжаттармен жұмыс жүргізді. Зерттеу тақырыбының аясындағы архив сақтауындағы құжаттармен танысып, саралап шықты. Сонымен қатар, Қазақстандағы босқындар жөніндегі құпия құжаттармен танысу мүмкіндігіне ие болды.



«СОҒЫС ЖЫЛДАРЫ ЖАМБЫЛ ЖЕРІНЕ ЭВАКУАЦИЯЛАНҒАН ЛЕНИНГРАД ЗАҢ ИНСТИТУТЫ»

       
 
 Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай «СОҒЫС ЖЫЛДАРЫ ЖАМБЫЛ ЖЕРІНЕ ЭВАКУАЦИЯЛАНҒАН ЛЕНИНГРАД ЗАҢ ИНСТИТУТЫ» атты тақырыпта архивтік құжаттар негізінде ұйымдастырылған көрме
Биыл Ұлы Жеңістің 76 жылы атап өтілуде. Уақыт өткен сайын соғыс аты алыстағанымен оны зерттеу әлі жалғасып келеді. Осы жылы архив құжаттары негізінде соғыс жылдары Жамбыл облысына эвакуацияланған мекемелер мен өзге ұлт өкілдері жөнінде іс-шара өткізуді ұйғардық. Соның бірі, Ұлы Отан соғысы жылдары Калинин атындағы Ленинград Заң институтының Жамбыл қаласына эвакуцияланған тың дерегі.
Соғыс жылдары ірі зауыт, фабрика, өнер, білім орындарының шалғайдағы Қазақстанға эвакуацияланғанын білеміз. Солардың арасында Ресейдің ең байырғы оқу орнының бірі саналатын – Ленинград Заң институты Жамбылға эвакуацияланғанын білдік.
Облыстық архивтегі құжатта Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы М.Ткаченкоға Ленинград Заң институтының директоры Петровтың 1944 жылы маусым айының 13-інде жолдаған қатынас хаты сақтаулы екен. Онда 1944-1945 жаңа оқу жылына әзірлік мәселесі сөз болған. Аталмыш институттың бұл жылы Ленинградқа оралмайтындықтарын, жаңа оқу жылына жоспар бойынша 200 студентті қабылдау жұмыстары басталғанынан хабардар еткен. Осыған орай институт орналасқан Жамбыл қаласы Ленин көшесі, № 30, (бұрынғы Қазан революциясы атындағы) мектеп ғимараты күрделі әрі шұғыл жөндеуді керек ететіндігін, бұл жұмыстарға жергілікті атқарушы билік тарапынан көмек көрсетулерін өтінген.
Ленинград Заң институты Одақ көлеміндегі ең байырғы жоғарғы оқу орындарының бірі. Мұнда жоғары білімді, білікті маман профессор-оқытушы кадрлар еңбек еткен. Институт лекторлары облысқа қоныс аударғалы бері 700 ден артық лекциялар мен баяндамалар жасаған.
Заң институтының оқытушы – профессорлар құрамымен «Ғалымдар үйі» ашылған, оның төрағалығына профессор Л. И. Ловюцки бекітілген. «Ғалымдар үйінің» 36 мүшесі болған. Оның құрамына 7 профессор, 5 доцент, 11 ғылым кандидаты, 3 аға оқытушы, 7 тәжірибе стансасының ғылыми қызметкерлері, облыстық музейдің директоры, облыстық білім мекемесінің маманы және суретші енген.
«Коммунист» газетінің 9 мамыр күнгі санында «Прощальный вечер юридического института» тақырыбында шағын хабар басылған. Онда облыстық қазақ драма театрында үкіметтің қаулысына орай Ленинград Заң институтының Ленинград қаласына оралуына байланысты Жамбыл облысы жұртшылығымен қоштасу кеші өткен. Салтанатты кеште институт директорының ғылым және оқу жөніндегі орынбасары, профессор В. М. Догадов институттың Жамбыл қаласында өткізген еңбек жылдарын баян етіп, осынау қиын кезеңде қамқорлық пен қолдау көрсеткен облыстық партия комитетімен, облыс, қала жұртшылығына алғысын білдірген.
Осы деректерді жас ұрпаққа жеткізу мақсатында облыстық архив тарапынан «Соғыс жылдары Жамбыл жеріне эвакуацияланған Ленинград Заң институты» атты тақырыпта көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде Ленинград заң институына қатысты облыстық архивте сақтаулы архивтік құжаттар, 1945 жылғы «Коммунист» газет тігінділері, соғыс жылдары Жамбыл жеріне эвакуацияланғандар жөніндегі мәліметтерді қамтиды.