ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Бүгін «Жамбыл облысы мемлекеттік архиві» КММ-сі бас есепшісінің орынбасары Жаназарова Гүлмира Мұратқызы «Байзақ аудандық мемлекеттік архиві» КММ-нің директоры қызметіне тағайындалды.
Гүлмира Мұратқызы 1983 жылы 2 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Білімі — жоғары. 2008 жылы Тараз экономика және статистика колледжінің «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит», 2013 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің «Экономика және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылдың ақпан айынан бастап 2018 жылдың 10 қазанына дейін «Байзақ аудандық мемлекеттік архиві» КММ-де бас есепшінің міндетін атқарса, 2018 жылдан бастап «Жамбыл облысы мемлекеттік архиві» КММ-де есепші, бас есепшінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің ұжымы шын жүректен құттықтай отырып, жұмысына табыс, отбасына амандық тілейді.



