“ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КОДЕКСІ” ТУРАЛЫ ЗАҢЫНА ТАЛДАУ БОЙЫНША СЕМИНАР-САБАҚ

Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII Қазақстан Республикасының Заңы болып, қолданысқа енгізіледі. Бұл кодекс цифрлық деректер мен объектілерді құру, сақтау және пайдалану кезіндегі қатынастарды реттейді.
Осы Заңды түсіндіру мақсатында облыстық архивтің қызметкерлері арасында семинар-сабақ өткізілді.
Семинар барысында Цифрлық кодекстің архив саласына қатысты 65, 90 баптары талқыланды.
Мақсаты — Цифрлық ортадағы қатынастарды реттеу адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қауіпсіздік, деректер айналымы еркіндігі, технологиялық бейтараптық және цифрлық әдеп қағидаттарына негізделеді.
Архив саласына қатысты осы Кодекстің 65-бабында цифрлық архив ұғымы нақты айқындалған.
Цифрлық архив дегеніміз – архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ұйымдастырылған және электрондық нысанда сақталатын электрондық архив құжаттарының және архив құжаттарының электрондық көшірмелерінің жиынтығы деп көрсетілген.
Цифрлық архивтің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында жұмыс істейді, ақпараттың қолжетімділігін, құжаттардың сақталуын, ақпараттың тұтастығын сақтайды, құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, 90-бап «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін архивтеу және есептен шығару мәселелерін реттейді. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық жазбалары, техникалық құжаттамасы, бастапқы кодтары және цифрлық объектісі «Цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына сәйкес архивтеуге жатады.