📌 «ДРАМА ТЕАТРЫ ҚАЛАЙ ҚҰРЫЛДЫ?

📍Жамбыл облыстық «АР-АЙ» газетінінің 07.01.2026 жылғы №1 санына архивист Ә.Баққараұлының «Драма театры қалай құрылды?» атты мақаласы жарық көрді.
#архив2026



📌 ПАРТИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРҒА ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫ




⚜️ «АРХИВ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ»




СЕМИНАР-САБАҚ

Жоспар бойынша 01.02.2024 жылы архив қызметкерлеріне «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылы 22-желтоқсанда бекітілген № 326-ІІ заңы бойынша сабақ өткізілді.




ҚОРҒА ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Жамбыл облыстық архив сақтауындағы қалалық денсаулық сақтау мекемесі мен облыстық білім беру басқармасының құжаттарына тексеру жұмыстары жүргізілді.




«АРХИВ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

Архив саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, бүгінде ардагерлер қатарына қосылған Башенова Қалдыкүл Икрамханқызы «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Туған күнімен тұспа-тұс келген төсбелгі иегеріне ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, айналаңыз қуаныш пен шаттыққа тола берсін демекпіз!!! Марапатыңыз құтты болсын!
Ізгі тілекпен: Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің ұжымы



«КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ» атты тақырыпта дөңгелек үстел

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің Мәжіліс залында Оқушылар сарайы «Туристік өлкетану» үйірмесі оқушыларының қатысуымен «КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара аясында жамбылдық батырлардың өмірбаяндық деректері, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының наградтау туралы бұйрықтары мен жарғылары, жамбылдық Кеңес Одағы Батырларының тізімі, батырларға қатысты жинақталған мәліметтер, газет қиындылары мен Жамбыл жерінде жасақталған әскери құрамалар, Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылған 8 жамбылдық майдангерлер, облыстық архив сақтауындағы 1941-1945 жылдар аралығында соғыс тақырыбына қатысты көрме құжаттары таныстырылды.
Оқушылармен бірге Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлігімен Жеңіс күнін жақындатқан даңқты қолбасшы Б.Момышұлы, Н.Белашев, В.Вишневецкий, А.Дәулетбеков, С.Естемесов, Б.Конев, Д.Кавешников, Ф.Кердань, А.Суханбаев, С.Сущев, Я.Тюлькин, Н.Фазлаев, П.Томасевич, И.Трубицин, М.Фаязов, С.Шәкіров, С.Ларионов, Д.Ф. Пахомов, В.Савва, А.Сорокиндердің өмірбаяндары мен ерліктерін оқып, зерделеді.
Дөңгелек үстел басында сөз алған үйірме жетекшісі А.Крокошева КСРО кезінде Кеңес Одағының Батыры атағын 12 862 адам алса, оның 3266-на қайтыс болғаннан кейін, ал 154 адам бұл атақпен екінші мәрте марапатталғандығын айтты.
Өткізілген іс-шарамыздың мақсаты архив құжаттарын пайдалана отырып, жас ұрпақты өңіріміздің тарихын зерттеуге тарту, өткен тарихты зерделеуге, Отанға деген патриоттық сезімін ояту, архив құжаттарын насихаттау, «архивист» мамандығының маңыздылығы мен қызығушылықты арттыру, өскелең ұрпақты ғылыми –зерттеу жұмыстарына бағдарлау болып табылады.