«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ АРХИВ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ.
Облыстық архивтің бөлімдер арасында өзара тәжірбие алмасу және архив саласы жұмысын насихаттау мақсатында «Жасанды интеллект және архив» атты тақырыпта семинар-сабақ өткізілді.
Қазіргі таңда архив қорларындағы құжаттар көлемі артып келеді. Оларды сақтау, жүйелеу және жылдам іздеу – маңызды міндет.
Жасанды интеллект технологиялары осы үдерістерді жеңілдетеді. Құжаттарды мазмұнына қарай жіктеп, деректерді талдап, іздеу жүйесін жетілдіреді.






