МАЙДАНГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТУ

Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы мен Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің қызметкерлері майдангерлер рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды




“ЕРЛІК ПЕН ЕҢБЕК ДАСТАНЫ: ЖАМБЫЛДЫҚ МАЙДАНГЕРЛЕР ЖӘНЕ МАЙДАНҒА ХАЛЫҚ КӨМЕГІ” АТТЫ ТАҚЫРЫПТА КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Жамбыл облысы мемлекеттік архивінде «Ерлік пен еңбек дастаны: жамбылдық майдангерлер және майданға халық көмегі» атты тақырыпта көрме ұйымдастырылды.
Бұл көрменің басты мақсаты – жамбылдық майдангерлердің ерлігін және халықтың майданға көрсеткен көмегін архив құжаттары негізінде кеңінен насихаттау.
Көрмеде соғыс жылдарындағы тыл мен майдан бірлігін айқын көрсететін бірегей құжаттар, фотосуреттер, майдан хаттары қойылған. Деректерге сүйенсек, Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына 70 мыңнан астам азамат аттанған. Олардың ішінде 20-ға жуығы Кеңес Одағының Батыры атағын иеленсе, 7-еуі «Даңқ» орденінің толық иегері атанған. Бауыржан Момышұлы, Николай Белашов, Амантай Дәулетбеков, Саттар Естемесов – осы есімдер жамбылдық жауынгерлер ерлігінің жарқын үлгісі.
Көрменің бір бөлімі халықтың майданға көрсеткен көмегіне арналған. Соғыс жылдары облыс тұрғындары майданға жылы киім-кешек, азық-түлік тиеген вагондар жөнелтіп, қорғаныс қорына қаражат аударған. Ерлер майданға аттанған соң, олардың орнына әйелдер мен жастар станоктар мен егіс алқаптарында еңбек етіп, Жеңісті жақындатуға бар күш-жігерін салған. Тылдағы қажырлы еңбексіз майдандағы нәтижелі ұрыс мүмкін емес еді.
Қорыта келе, бұл көрме – тек тарихи деректер жинағы емес, ол ұрпаққа үлгі ерлікті насихаттаудың маңызды құралы. Жеңісті жақындатқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің есімі әрдайым есте қалмақ.



АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ “ЖЕҢІС” САЯБАҒЫНДА ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙЫП, БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін архив қызметкерлері «Жеңіс» саябағына барып, Ұлы Отан соғысының батырлары мен ардагерлеріне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті. Шара батырлар рухына тағзым ету және олардың Отан жолындағы ерліктерін мәңгі есте сақтау мақсатында ұйымдастырылды.
Саябақтағы мемориалдың алдына гүл шоқтары мен гүлдестелер қойылып, соғыс жылдарында қаза тапқан қаһармандар бір минут үнсіздікпен еске алынды. Архив қызметкерлері әрбір гүлдің арғы бетінде тарих, от пен окоптың куәсі, аман қалған ұрпаққа жеткен аманат барын айтты.
Соғыс ардагерлерінің есімдері, олардың ерлік істері архив құжаттарында сақтаулы. Бұл тек бір күннің емес, ұрпақтар жалғасының игі ісі. Архившілер өздерінің бүгінгі тағзымымен барша қазақстандықтарды батырларды еске алуға, тарихқа құрметпен қарауға шақырды



🔱МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ АТТЕСТАЦИЯСЫ

♦️Бүгін мекемемізде қызметкерлердің кәсіби біліктілігін бағалау мақсатында аттестациялау рәсімі өтті. Бұл процесс әр қызметкердің атқарып жатқан міндетіне сәйкестігін анықтап, болашақтағы кәсіби даму бағытын айқындауға мүмкіндік береді. Аттестация ашық, әділ және талапқа сай түрде ұйымдастырылып, қызметкерлер өз білімдері мен тәжірибесін ортаға салды.
♦️Мекеме басшылығы барлық қатысушыларға сәттілік тілей отырып, кәсіби шеберлікті арттыру жолындағы еңбектеріне жоғары баға берді.



ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай облыстық архивтің жоғарғы санаттағы архивисті Медеубаева Фарида Бақдәулетқызы Жамбыл облысы әкімінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Әріптесімізге зор денсаулық, қажымас-қайрат пен бақ-береке тілейміз.
Марапатыңыз құтты болсын!



Құрметті арулар, аяулы аналар мен қыз-келіншектер!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мейрам – нәзіктік пен сұлулықтың, мейірім мен жылулықтың мерекесі.
Сіздер әрдайым отбасының берекесі, өмірдің шуағы, жүректерге қуаныш сыйлайтын жансыздар.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, бақыт пен мол табыс тілейміз. Әр күніңіз қуанышқа, әр сәтіңіз шаттыққа толы болсын!
Көктемдей көңіл-күйлеріңіз әрдайым жарқын болып, жүздеріңізден күлкі кетпесін.
Барша армандарыңыз орындалып, өмірлеріңіз махаббат пен бақытқа толы болсын!
Мерекелеріңізбен! 🌷
Құрметпен Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің ұжымы!



«ХРУЩЕВ ПЕН ҚУАНЫШБАЕВ ҚАЛАЙ КЕЗДЕСТІ?»

Жамбыл облыстық «Ар-Ай» газетінің 04.03.2026 жылғы №17 санына мекеменің архивисті Ә.Баққараұлының мақаласы жарық көрді.