ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ!

Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы»№326-1 Заңы,Қазақстан Республикасының Мәдениет спорт министірінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы,Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығының талаптарының басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының » 1-арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы»КММ-сі, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар»шаруашылық жургізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл филиалына әдістемелік көмек көрсетілді.



ҚАЛАЛЫҚ, АУДАНДЫҚ АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТТІ

Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің Мәжіліс залында қалалық және аудандық архив қызметкерлерін аттестаттау рәсімі өтті.
Аттестаттаудың негізгі мақсаты – архив саласы мамандарының кәсіби біліктілігін, заңнамалық және салалық нормативтік-құқықтық актілерді меңгеру деңгейін бағалау, сондай-ақ қызмет сапасын арттыру.
Іс-шара барысында комиссия мүшелері архив қызметкерлерінің кәсіби даярлығы мен құзыреттілігін жан-жақты саралап, олардың лауазымдық міндеттерді тиімді орындау деңгейіне баға берді.
Мұндай аттестаттау архив саласындағы кәсіби әлеуетті нығайтуға, мемлекеттік архив қызметінің сапасын жетілдіруге және мамандардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруға ықпал етеді.



РӘМІЗДЕР — ЕЛІМНІҢ ЕРТЕҢІ

4-маусым — «Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай Облыстық архивтің Мәжіліс Залында «РӘМІЗДЕР — ЕЛІМНІҢ ЕРТЕҢІ» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Тарих» мамандығының 2-курс білімгерлері, университеттің аға оқытушысы Ерлан Түйтебайұлы, мекеме директоры Ляззат Серікбекқызы, директор орынбасары Айгүл Тыныбекқызы мен бөлім басшылары қатысты.
Рәміздер күніне орай өткізілген іс-шара барысында слайд көрсетіліп, студенттер тарапынан баяндамалар оқылды. Өз ойларын ортаға салып, рәміздердің мәні мен маңыздылығы туралы сөз қозғалды.



АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН ҚАБЫЛДАУ

Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау кезінде құжаттардың физикалық,санитариялық-гигиеналық,техникалық жай-күйіне және аса құнды жиынтықтылығына тексеру жүргізу Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мен мемлекеттік есебін жүргізу бөлімінің негізгі міндеті болып саналады.




ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

           Мониторинг бойынша Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №703 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары туралы» №575 қаулысының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының «Сәулеттік Бюро» КММ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалы, «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Оңтүстікгеодезия» филиалы «Жамбылгеодезия» филиалы ШЖҚ РМК, Жамбыл облысы әкімідігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ағымдағы жылдың 31-ші қаңтарында іс жүргізу және архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

      Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің қызметкерлері Д.Атышева мен Г. Кулибаева жинақтау көзіндегі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Жамбыл облысының әділет департаментінің «Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің қызметкерлеріне Ұлттық архив қорының құжаттарын өңдеу жөнінде және «Құжаттардың бірыңғай электронды архиві» ақпараттық жүйесінің жұмыс жүргізуді және құжаттарды электронды түрге енгізу тиімділігін түсіндіру бойынша әдістемелік көмек көрсетті.



Цифрлы форматқа көшіру жұмыстары жалғасын табуда

      Комиссия мүшелері электронды цифрлы форматқа көшірілген «Жамбыл қалалық еңбекші депутаттар Кеңесінің Атқарушы комитеті» №7 қор құжаттарының №2 тізімдемесіндегі №31-40 бумаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Қордың жай-күйіне тексеріп, тізімдемелердің титулдық парағы, парақтарының сапалы әрі дұрыс түсірілгендігін қор істерімен салыстырылып тексерді.