«XX ҒАСЫРДЫҢ — ГОМЕРІ» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік архиві ұйымдастырған қазақтың ұлы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «XX ғасырдың – Гомері» атты дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті. Тағылымды шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, архив басшылары мен мамандары, әдебиеттанушылар қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында қатысушылар Жамбыл Жабаевтың қазақ әдебиетіндегі орны, оның айтыс өнерін дамытудағы рөлі және ел бірлігі мен отансүйгіштік рухты жырлаған шығармалары туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Ақынның бай мұрасы – халықтың рухани қазынасы екені ерекше атап өтілді. Сонымен қатар архив қорында сақталған құнды құжаттар мен сирек фотосуреттер таныстырылып, көпшілік назарына ұсынылды.
Дөңгелек үстел аясында облыстық архивтің бөлім басшысы С.Зейнуллаұлы «Жамбыл Жабаев – дәуір үні: архивтік фотодеректер негізіндегі тарихи-деректанулық талдау» атты тақырыпта баяндама оқыды. Шара соңында қатысушылар Жамбыл шығармашылығын насихаттау, жас ұрпаққа кеңінен таныту бағытында атқарылатын жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ АРХИВ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ.

Облыстық архивтің бөлімдер арасында өзара тәжірбие алмасу және архив саласы жұмысын насихаттау мақсатында «Жасанды интеллект және архив» атты тақырыпта семинар-сабақ өткізілді.
Қазіргі таңда архив қорларындағы құжаттар көлемі артып келеді. Оларды сақтау, жүйелеу және жылдам іздеу – маңызды міндет.
Жасанды интеллект технологиялары осы үдерістерді жеңілдетеді. Құжаттарды мазмұнына қарай жіктеп, деректерді талдап, іздеу жүйесін жетілдіреді.

📌»ІСТЕР НОМЕНКЛАТУРАСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР-САБАҚ»

📍Облыстық архивтің «Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімі» бекітілген жоспарға сәйкес, облыстық архивтің жинақтау көзіндегі мекемелерге «Істер номенклатурасын рәсімдеу, істерді қалыптастыру, істерді рәсімдеу, ұйым архивіне беру тәртібі» тақырыбында семинар-сабақ өткізді.

“ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КОДЕКСІ” ТУРАЛЫ ЗАҢЫНА ТАЛДАУ БОЙЫНША СЕМИНАР-САБАҚ

Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII Қазақстан Республикасының Заңы болып, қолданысқа енгізіледі. Бұл кодекс цифрлық деректер мен объектілерді құру, сақтау және пайдалану кезіндегі қатынастарды реттейді.
Осы Заңды түсіндіру мақсатында облыстық архивтің қызметкерлері арасында семинар-сабақ өткізілді.
Семинар барысында Цифрлық кодекстің архив саласына қатысты 65, 90 баптары талқыланды.
Мақсаты — Цифрлық ортадағы қатынастарды реттеу адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қауіпсіздік, деректер айналымы еркіндігі, технологиялық бейтараптық және цифрлық әдеп қағидаттарына негізделеді.
Архив саласына қатысты осы Кодекстің 65-бабында цифрлық архив ұғымы нақты айқындалған.
Цифрлық архив дегеніміз – архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ұйымдастырылған және электрондық нысанда сақталатын электрондық архив құжаттарының және архив құжаттарының электрондық көшірмелерінің жиынтығы деп көрсетілген.
Цифрлық архивтің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында жұмыс істейді, ақпараттың қолжетімділігін, құжаттардың сақталуын, ақпараттың тұтастығын сақтайды, құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, 90-бап «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін архивтеу және есептен шығару мәселелерін реттейді. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық жазбалары, техникалық құжаттамасы, бастапқы кодтары және цифрлық объектісі «Цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына сәйкес архивтеуге жатады.

📌 «НОМЕНКЛАТУРАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ» БОЙЫНША ОҚУ САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ.

СЕМИНАР-САБАҚ

Жоспар бойынша 01.02.2024 жылы архив қызметкерлеріне «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылы 22-желтоқсанда бекітілген № 326-ІІ заңы бойынша сабақ өткізілді.