🔱«АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАР, АРХИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫҢ КӨШІРМЕЛЕРІН НЕМЕСЕ АРХИВТІК ҮЗІНДІЛЕР БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ

♦️ҚР Мәдениет және спорт министрінің № 159 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің негізгі ережелері туралы баяндады. Халық үшін қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында сұраныс берудің үш негізгі жолы қарастырылғаны атап өтілді: «электрондық үкімет» веб-порталы eGov.kz, Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) және тікелей мемлекеттік архивтің кеңсесі арқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түпкілікті нәтижесіне ерекше назар аударылды. Сұраныстың мазмұнына байланысты өтініш беруші келесі құжаттарды алады:архивтік анықтама — заңды күші бар және сұратылып отырған фактілерді растайтын құжат; архивтік көшірме — архивтік құжат мәтінінің сөзбе-сөз жаңғыртылуы; архивтік үзінді — құжат мәтінінің нақты бір фактіге немесе тұлғаға қатысты бөлігі. Сондай-ақ, қызметтің орындалу тәртібі мен өтініштерді өңдеу мерзімдері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Қағидаларға сәйкес:қызмет көрсетудің жалпы мерзімі — 11 жұмыс күні. Сұратылған мәліметтер болмаған жағдайда жауап 3 жұмыс күні ішінде жіберіледі. Күрделі ізденіс жүргізу қажет болған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі өтініш берушіге хабарлай отырып, 25 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.




7-8 сәуір аралығында Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау саласы бойынша сабақтарын өткізді.

Жамбыл облысының мемлекеттік архив директоры Л.Кожаханова, директордың орынбасары А.Тыныбекова, бөлім басшылары Л.Жуматаева, Г.Кулибаева, Д.Джайшыбекова, М.Абдыкаримова қатысып, сертификаттарын алды.




Семинар сабақ

«Автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен деректер қорын құру» бөліміндегі сканерлердің түрлерімен таныстыру бойынша инженер-бағдарламалаушы А.Шинбергенов семинар сабақ өткізді.




ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жақында Қазақстан Республикасында маңызды саяси науқан – республикалық референдум өтеді. Осыған орай елімізде кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Негізгі мақсат – азаматтарға жаңа Конституцяның мән-маңызын, оның ел болашағына әсерін жан-жақты түсіндіру, әрбір тұрғынның саяси сауаттылығын арттыру және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру.
Аталған бағыттағы шаралар аясында түрлі кездесулер, ақпараттық жиындар мен пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылуда. Осындай түсіндіру жұмыстарына біздің мекеме қызметкерлері де белсенді түрде қатысып, халықпен жүздесу барысында референдумның мазмұны мен маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берді. Кездесулер барысында азаматтардың көкейіндегі сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.



«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ОРЫНЫ» АТТЫ ОҚЫРМАН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің Мәжіліс Залында Шоқан Уәлиханов атындағы ғылыми әмбебап кітапханасы қызметкерлерімен бірлесе, Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай «Қазақстанның әлемдік аренадағы орыны» атты тақырыпта оқырман конференциясы атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Жамбыл Жоғарғы политехникалық колледжінің 3-курс студенттері қатысып, архивист, ардагер Ә.Баққараұлы мен бөлім басшысы С.Зейнуллаұлы Тәуелсіздік және Қазақстан тақырыптарында баяндама жасады.
Шара барысында еліміздің Тәуелсіздік жылдары басынан өткізген қиындықтары мен архивте сақталған құжаттары туралы сөз қозғалып, ой бөлісті.



«АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ — ТАРИХҒА ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ»

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай облыстық архивтің бөлім басшысы Сағындық Зейнуллаұлы Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы оқушыларымен кездесу өткізіп, дөңгелек үстел ұйымдастырып, тағылымды «архив сағатын» өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға Жамбыл жеріне өзге ұлт өкілдерінің қоныс аудару тарихы, олардың өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуына қосқан үлесі туралы архив құжаттары негізінде дайындалған фотоқұжаттар көрмесі таныстырылды.
Архив құжаттары негізінде өткен тарих туралы әңгімелеп, түрлі кезеңдердегі көші-қон үдерістерінің себеп-салдары кеңінен түсіндірілді.
Тарихи деректер арқылы татулық пен бірліктің маңызын атап өтіп, тағдыр тәлкегімен қазақ жеріне келген түрлі этнос өкілдерін бауырына басқан халқымыздың кеңпейілділігіне ерекше тоқталды. Оқушылар архив құжаттарымен танысып, архив материалдарының құндылығын сезініп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Алғыс айту күні аясында өткен бұл архив сағаты – өткенге құрмет көрсетіп, болашаққа сеніммен қарауға үндейтін маңызды рухани кездесу болды.



«ҚҰЖАТТАРДЫ ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАҒА КӨШІРУГЕ ДАЙЫНДАУ» БОЙЫНША СЕМИНАР-САБАҚ

Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және сақтауды қамтамасыз ету бөлімі «Құжаттарды электронды нұсқаға көшіруге дайындау» тақырыбында семинар-сабақ өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлерге құжаттарды цифрландыруға дейіңгі кезеңде атқарылатын жұмыстар барысын таныстыру.
Іс-шара барысында практикалық бөлімге ерекше назар аударылып, қатысушылар нақты мысалдар негізінде құжаттарды дайындау мәселелерін қарастырды.