“ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ЭЦҚ КІЛТІН АЛУ ЖОЛДАРЫ” АТТЫ СЕМИНАР-САБАҚ
Облыстық архивтің Мәжіліс Залында бөлімдер арасында тәжірибе алмасу мен біліктілікті арттыруға бағытталған семинар-сабақ өткізілді.
Тақырыбы – заңды тұлғаларға арналған электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілтін алудың жолдары мен оны практикада тиімді пайдалану мәселелері .
Семинар барысында архив қызметкерлері ЭЦҚ-ның қазіргі таңдағы маңызына, оның құқықтық күшіне және заңды тұлғалар үшін қажеттілігіне тоқталды.
Қатысушылар ЭЦҚ кілтін алудың онлайн және офлайн тәсілдерін, сондай-ақ оны ұзарту және қайта шығару тәртібін жан-жақты талқылады .
Сонымен қатар, ЭЦҚ-ны пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен оны заңсыз пайдаланудың салдары туралы да кеңес берілді .
Шараның негізгі мақсаты – бөлімдер арасындағы тәжірибе алмасуды жетілдіру және цифрлық технологияларды архив ісінде тиімді қолдану дағдыларын арттыру болды .










