“ЕРЛІК ПЕН ЕҢБЕК ДАСТАНЫ: ЖАМБЫЛДЫҚ МАЙДАНГЕРЛЕР ЖӘНЕ МАЙДАНҒА ХАЛЫҚ КӨМЕГІ” АТТЫ ТАҚЫРЫПТА КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Жамбыл облысы мемлекеттік архивінде «Ерлік пен еңбек дастаны: жамбылдық майдангерлер және майданға халық көмегі» атты тақырыпта көрме ұйымдастырылды.
Бұл көрменің басты мақсаты – жамбылдық майдангерлердің ерлігін және халықтың майданға көрсеткен көмегін архив құжаттары негізінде кеңінен насихаттау.
Көрмеде соғыс жылдарындағы тыл мен майдан бірлігін айқын көрсететін бірегей құжаттар, фотосуреттер, майдан хаттары қойылған. Деректерге сүйенсек, Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына 70 мыңнан астам азамат аттанған. Олардың ішінде 20-ға жуығы Кеңес Одағының Батыры атағын иеленсе, 7-еуі «Даңқ» орденінің толық иегері атанған. Бауыржан Момышұлы, Николай Белашов, Амантай Дәулетбеков, Саттар Естемесов – осы есімдер жамбылдық жауынгерлер ерлігінің жарқын үлгісі.
Көрменің бір бөлімі халықтың майданға көрсеткен көмегіне арналған. Соғыс жылдары облыс тұрғындары майданға жылы киім-кешек, азық-түлік тиеген вагондар жөнелтіп, қорғаныс қорына қаражат аударған. Ерлер майданға аттанған соң, олардың орнына әйелдер мен жастар станоктар мен егіс алқаптарында еңбек етіп, Жеңісті жақындатуға бар күш-жігерін салған. Тылдағы қажырлы еңбексіз майдандағы нәтижелі ұрыс мүмкін емес еді.
Қорыта келе, бұл көрме – тек тарихи деректер жинағы емес, ол ұрпаққа үлгі ерлікті насихаттаудың маңызды құралы. Жеңісті жақындатқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің есімі әрдайым есте қалмақ.



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Облыстық архивтің мамандары Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы»№326-1 Заңы, Қазақстан Республикасының Мәдениет спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бүйрығы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Жамбыл облысы әкімі аппаратының мамандандырылған базасы» КММ-не архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетті.




🔱ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ.

♦️Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасының Мәдениет спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» КММ-не және «Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» КММ-не архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.




ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» №326-1 Заңы, Қазақстан Республикасының Мәдениет спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығының талаптарын басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотына архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.




«ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕГІ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.

Бүгін облыстық архивтің қызметкерлерінің қатысуымен «Жаһандану дәуіріндегі экстремизмнің жаңа түрлері және олармен күресу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Атамқұлов Батырбек Керімбайұлы арнайы шақырылып, жиналғандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Дөңгелек үстел жұмысы заманауи сын-қатерлер мен экстремизмнің жаңа формаларына қарсы тұрудың маңызы туралы ой бөлісті. Қатысушылар алған ақпараттың күнделікті жұмыста тиімді пайдалану жолдарын талқылады.
Мұндай жиындар жаһандық қауіптерді уақтылы анықтап, оларға қарсы тұруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі екені сөзсіз.



«АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ — ТАРИХҒА ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ»

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай облыстық архивтің бөлім басшысы Сағындық Зейнуллаұлы Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы оқушыларымен кездесу өткізіп, дөңгелек үстел ұйымдастырып, тағылымды «архив сағатын» өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға Жамбыл жеріне өзге ұлт өкілдерінің қоныс аудару тарихы, олардың өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуына қосқан үлесі туралы архив құжаттары негізінде дайындалған фотоқұжаттар көрмесі таныстырылды.
Архив құжаттары негізінде өткен тарих туралы әңгімелеп, түрлі кезеңдердегі көші-қон үдерістерінің себеп-салдары кеңінен түсіндірілді.
Тарихи деректер арқылы татулық пен бірліктің маңызын атап өтіп, тағдыр тәлкегімен қазақ жеріне келген түрлі этнос өкілдерін бауырына басқан халқымыздың кеңпейілділігіне ерекше тоқталды. Оқушылар архив құжаттарымен танысып, архив материалдарының құндылығын сезініп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Алғыс айту күні аясында өткен бұл архив сағаты – өткенге құрмет көрсетіп, болашаққа сеніммен қарауға үндейтін маңызды рухани кездесу болды.



ҚОР ҚҰРАМЫНДАҒЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Облыстық архивтің қор құрамындағы №21 Әулиеата аудандық атқару комитеті қорының құжаттарына тексеру жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмыс түрі -құжаттардың жай-күйінің дұрыстығын тексеру болып табылады.