АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ!

Облыстық архивтің Архив құжаттарын пайдалану бөлімі «Архивтік анықтамалар, көшірмелер мен үзінділер беру» бағытында Ашық есік күнін ұйымдастырды. Іс-шара бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жоғары деңгейде өткізілді.
Аталған шараға адвокаттар алқасының өкілдері мен нотариустар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты. Кездесу барысында «Egov Mobile» қосымшасы арқылы архивке электрондық сұраныс беру мүмкіндіктері кеңінен талқыланды. Қатысушыларға цифрлық сервистерді пайдаланудың ыңғайлылығы мен тиімділігі туралы толық ақпарат берілді.
Ашық есік күні халыққа қызмет көрсетудің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды әрі пайдалы іс-шара.



АБАЙҒА ТАҒЗЫМ…

Бүгін қазақ руханиятының төрінде тұрған Ұлы Абайдың туған күні.
Облыс зиялылары ескерткіш басына гүл шоқтарын қойып, ұлы ойшылды еске алды. Жыл сайынғы бұл дәстүр – біздің Абайға деген шексіз махаббатымыз бен құрметіміздің белгісі.
Абай сөзі – мәңгі тірі!
Абай даналығы – ұлттың рухани қалқаны!




АСТАНАДА ҰЛТТЫҚ АРХИВТІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТУДЕ

Астана қаласындағы «Sheraton» мейманханасында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдығына арналған «Archives: Digital Transformation, Constitutional Values and Historical Heritage» («Архивтер: цифрлық трансформация, конституциялық құндылықтар және тарихи мұра») тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.
Конференция барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдығына арналған бейнеролик көрсетіліп, «Архив: өткен мен болашақты жалғаған 20 жылдар» атты құжаттық көрме ұйымдастырылды.
Конференцияның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысып, архив саласының қоғамдағы рөліне, ұлттық тарихи жадымызды сақтаудағы маңызына және цифрлық трансформацияның өзекті бағыттарына тоқталды.
Сондай-ақ, ашылу рәсімінде сөз сөйлегендер: Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Али, Тәжікстан Республикасы Ұлттық архиві жанындағы Бас архив басшысы Лутфия Шарифзода, Өзбекстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Дилбар Закирова, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТІКА) үйлестірушісінің орынбасары Али Құрт, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің төрағасы-ректоры Ерлан Сыдықов, сондай-ақ Ресей Федерациясының Федералдық архив агенттігі басшысының статс-хатшысы Андрей Юрасов онлайн режимде қатысты.
Халықаралық деңгейдегі іс-шараға Қазақстанның архив мекемелерінің басшылары мен мамандары, мемлекеттік органдардың өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысуда. Конференция барысында архив ісін цифрландыру, тарихи-құжаттық мұраны сақтау, архив құжаттарының қолжетімділігін арттыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері кеңінен талқылануда. Өзбекстан Ұлттық архивінде архив құжаттарының көрмесін дайындауда жасанды интеллектті пайдалану тәжірибесі де ерекше назарға алынды.
Жамбыл облыстық мемлекеттік архиві атынан конференция жұмысына мекеме директоры Ләззат Кожаханова қатысуда.
Мерейтойлық конференция архив саласы мамандарының кәсіби тәжірибе алмасуына, халықаралық әріптестікті нығайтуға және архив ісін дамытудың заманауи бағыттарын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.



ҚАЛАЛЫҚ, АУДАНДЫҚ АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТТІ

Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің Мәжіліс залында қалалық және аудандық архив қызметкерлерін аттестаттау рәсімі өтті.
Аттестаттаудың негізгі мақсаты – архив саласы мамандарының кәсіби біліктілігін, заңнамалық және салалық нормативтік-құқықтық актілерді меңгеру деңгейін бағалау, сондай-ақ қызмет сапасын арттыру.
Іс-шара барысында комиссия мүшелері архив қызметкерлерінің кәсіби даярлығы мен құзыреттілігін жан-жақты саралап, олардың лауазымдық міндеттерді тиімді орындау деңгейіне баға берді.
Мұндай аттестаттау архив саласындағы кәсіби әлеуетті нығайтуға, мемлекеттік архив қызметінің сапасын жетілдіруге және мамандардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруға ықпал етеді.



«ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕГІ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.

Бүгін облыстық архивтің қызметкерлерінің қатысуымен «Жаһандану дәуіріндегі экстремизмнің жаңа түрлері және олармен күресу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Атамқұлов Батырбек Керімбайұлы арнайы шақырылып, жиналғандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Дөңгелек үстел жұмысы заманауи сын-қатерлер мен экстремизмнің жаңа формаларына қарсы тұрудың маңызы туралы ой бөлісті. Қатысушылар алған ақпараттың күнделікті жұмыста тиімді пайдалану жолдарын талқылады.
Мұндай жиындар жаһандық қауіптерді уақтылы анықтап, оларға қарсы тұруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі екені сөзсіз.



“Мемлекеттік есепке алуды жүргізу және ведомстволармен өзара қимыл жасау, ”Е-архив ” АЖ де жұмыс істеуге үйрету ” атты республикалық семинар өтуде

Алматы қаласындағы Алматы қалалық мемлекеттік архивінде «Мемлекеттік есепке алуды жүргізу және ведомстволармен өзара қимыл жасау, «Е-архив» АЖ-да жұмыс істеуге үйрету» атты республикалық семинары өз жұмысын бастады.
Семинарға облыстық, қалалық, аудандық архив мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстық архивтің Автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен деректер қорын құру бөлімінің басшысы М.Абдыкаримова және аға сарапшы Д.Атышева, сондай-ақ Тараз қалалық мемлекеттік архивінің бөлім басшысы Э.Еркебуланова «Жинақтау көзі тізіміндегі мекемелерге әдістемелік жұмыстардың жүргізілу тәртібі» тақырыбында баяндама оқыды.
Сонымен қатар, Жамбыл ауданының мемлекеттік архивінің директоры К.Кулекеева «Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау және мемлекеттік есебін жүргізу» мәселелеріне арналған баяндамасын ұсынды.
Семинар барысында өзекті мәселелер талқыланып, тәжірибе алмасу жұмыстары жалғасуда.



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУ БАРЫСЫ

Мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы»№326-1 Заңы,Қазақстан Республикасының Мәдениет спорт министірінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы,Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығының талаптарының басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министірлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы » КММ-не архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.