АСТАНАДА IX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

АСТАНАДА IX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Жылдағы дәстүрге сай, биыл да Халықаралық архившілердің жазғы мектебі өз жұмысын бастап кетті.
Негізгі тақырып «Архивтердің ақпараттық архитектурасы: цифрлық шешімдердің жаңа үлгілері».
Қазақстан Республикасы Президентінің директоры Ә.Мұстафина жасанды интеллект пен заманауи архив саласы туралы сөз сөйлеп, жазғы мектеп ісіне сәттілік тіледі.
Бүгіңгі ашылу салтанатына Жамбыл облыстық мемлекеттік архивтің директоры Л.Кожаханова қатысуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан жазғы мектептің басты мәні – жас мамандарды заманауи архивтанудың өзекті мәселелеріне баулу.
Қазіргі архив – бұл тек қағаз жүзіндегі құжаттарды сақтау орны емес, ол – күрделі ақпараттық жүйе. Сондықтан ақпараттық архитектураны меңгерген, цифрлық шешімдерді құра алатын кадрлар даярлау – уақыт талабы.
Бұл мектептің маңызы зор, себебі:
· Архившілер халықаралық тәжірибемен танысады;
· Жаңа цифрлық модельдерді нақты архив жұмысына енгізуді үйренеді;
· Президент Архивінің базасында тәжірибе жинақтайды;
· Архив саласының болашақ кадрлық әлеуеті қалыптасады.
Жазғы мектеп жұмысына сәттілік тілейміз.



РӘМІЗДЕР — ЕЛІМНІҢ ЕРТЕҢІ

4-маусым — «Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай Облыстық архивтің Мәжіліс Залында «РӘМІЗДЕР — ЕЛІМНІҢ ЕРТЕҢІ» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Тарих» мамандығының 2-курс білімгерлері, университеттің аға оқытушысы Ерлан Түйтебайұлы, мекеме директоры Ляззат Серікбекқызы, директор орынбасары Айгүл Тыныбекқызы мен бөлім басшылары қатысты.
Рәміздер күніне орай өткізілген іс-шара барысында слайд көрсетіліп, студенттер тарапынан баяндамалар оқылды. Өз ойларын ортаға салып, рәміздердің мәні мен маңыздылығы туралы сөз қозғалды.



«ҮЗДІК ӨЛКЕТАНУШЫ» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

18-мамыр «Халықаралық музейлер күні» мерекесіне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Музей түні» атты іс-шара барысында облыстық архивтің бөлім басшысы Сағындық Зейнуллаұлы Республикалық «Туған жер» қазақстандық өлкентанушылар бірлестігінің «»Үздік өлкетанушы төсбелгісімен марапатталды.




«ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙТАЛАНБАС ДАРЫНЫ – ИЛЬЯ ЖАҚАНОВ 90 ЖАСТА»

Қазақ руханиятының көрнекті өкілі, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, жазушы, өнер зерттеушісі және суретші Илья Жақановтың 90 жасқа толуына орай Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Руханият және тарихтану орталығының Мәжіліс залында салтанатты кездесу өтті.
Алдымен Илья Жақановтың жеке тектік қорынан көрме дайындалып, өнер иесі мен келген қонақтарға көрсетілді.
Іс-шара барысында өңір басшылығы атынан Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Құралбайұлы Илебаев Илья Жақановқа шапан жауып, естелік сыйлық табыстады. Бұл рәсім ұлы тұлғаға деген шексіз құрмет пен ізеттің белгісі болды.
Кездесуді Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры Ляззат Кожаханова мен «Қарахан» журналының бас редакторы, Тараз билер кеңесінің төрағасы Сатыбалды Досымбеков жүргізді.
Құрметті қонақтар – медицина ғылымдарының докторы, профессор Сағындық Ордабеков, Жамбыл облысы билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, бастауыш ардагерлер кеңесінің төрайымы Сара Мадиева, жазушы, еңбек сіңірген қайраткер Көсемәлі Сәттібайұлы және басқалар Илья Жақанов жайлы жылы естеліктер айтып, оның еңбегінің ұлт өнері мен әдебиетінде алар орны ерекше екенін атап өтті.
Сонымен қатар, кездесуде Илья Жақановтың жеке тектік құжаттары мемлекеттік сақтауға қабылданғаны туралы куәлік салтанатты түрде тапсырылды. Бұл – оның мұрасының ұрпаққа мәңгі жететінінің айқын дәлелі.
Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық, қалалық және аудандық архивтер, ардагерлер кеңестері, музей, «Арай» газеті басшылары мен қызметкерлері, ақын-жазушылар, журналистер, қоғам қайраткерлері қатысты.
Кештің шырайын келтірген әнші Бекарыс Көштай «Жайлаукөл кештері», «Кеңгірдің қоңыр кештері», «Балқантау» әндерін орындап, көрермендерге рухани ләззат сыйлады.
Кеш соңында жиналғандар естелік суретке түсіп, бұл шара ұлы тұлғаға деген құрметтің жарқын үлгісі болып тарихта қалды.
   



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУ БАРЫСЫ

Мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы»№326-1 Заңы,Қазақстан Республикасының Мәдениет спорт министірінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы,Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығының талаптарының басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министірлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы » КММ-не архив ісі бойынша тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.




«ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҰЛЫ» АТТЫ МАҚАЛА ЖАРЫҚ КӨРДІ

9-мамыр «Жеңіс» күніне орай Жамбыл облыстық «Арай» газетінің №34 санына архивист Ә.Баққараұлының «Қазақтың қаһарман ұлы» атты мақаласы жарық көрді




МАЙДАНГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТУ

Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы мен Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің қызметкерлері майдангерлер рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды