«ОТАНДЫ ҚОРҒАУДА» САПЫНДАҒЫ ОТАНДАСТАР» АТТЫ МАҚАЛА ЖАРЫҚ КӨРДІ

«АРАЙ» газетіне бөлім басшысы С.Зейнуллаұлының «ОТАНДЫ ҚОРҒАУДА» САПЫНДАҒЫ ОТАНДАСТАР» атты мақаласы жарық көрді.



АСТАНАДА ҰЛТТЫҚ АРХИВТІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТУДЕ

Астана қаласындағы «Sheraton» мейманханасында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдығына арналған «Archives: Digital Transformation, Constitutional Values and Historical Heritage» («Архивтер: цифрлық трансформация, конституциялық құндылықтар және тарихи мұра») тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.
Конференция барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдығына арналған бейнеролик көрсетіліп, «Архив: өткен мен болашақты жалғаған 20 жылдар» атты құжаттық көрме ұйымдастырылды.
Конференцияның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысып, архив саласының қоғамдағы рөліне, ұлттық тарихи жадымызды сақтаудағы маңызына және цифрлық трансформацияның өзекті бағыттарына тоқталды.
Сондай-ақ, ашылу рәсімінде сөз сөйлегендер: Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Али, Тәжікстан Республикасы Ұлттық архиві жанындағы Бас архив басшысы Лутфия Шарифзода, Өзбекстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Дилбар Закирова, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТІКА) үйлестірушісінің орынбасары Али Құрт, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің төрағасы-ректоры Ерлан Сыдықов, сондай-ақ Ресей Федерациясының Федералдық архив агенттігі басшысының статс-хатшысы Андрей Юрасов онлайн режимде қатысты.
Халықаралық деңгейдегі іс-шараға Қазақстанның архив мекемелерінің басшылары мен мамандары, мемлекеттік органдардың өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысуда. Конференция барысында архив ісін цифрландыру, тарихи-құжаттық мұраны сақтау, архив құжаттарының қолжетімділігін арттыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері кеңінен талқылануда. Өзбекстан Ұлттық архивінде архив құжаттарының көрмесін дайындауда жасанды интеллектті пайдалану тәжірибесі де ерекше назарға алынды.
Жамбыл облыстық мемлекеттік архиві атынан конференция жұмысына мекеме директоры Ләззат Кожаханова қатысуда.
Мерейтойлық конференция архив саласы мамандарының кәсіби тәжірибе алмасуына, халықаралық әріптестікті нығайтуға және архив ісін дамытудың заманауи бағыттарын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.



ҚАЛАЛЫҚ, АУДАНДЫҚ АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТТІ

Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің Мәжіліс залында қалалық және аудандық архив қызметкерлерін аттестаттау рәсімі өтті.
Аттестаттаудың негізгі мақсаты – архив саласы мамандарының кәсіби біліктілігін, заңнамалық және салалық нормативтік-құқықтық актілерді меңгеру деңгейін бағалау, сондай-ақ қызмет сапасын арттыру.
Іс-шара барысында комиссия мүшелері архив қызметкерлерінің кәсіби даярлығы мен құзыреттілігін жан-жақты саралап, олардың лауазымдық міндеттерді тиімді орындау деңгейіне баға берді.
Мұндай аттестаттау архив саласындағы кәсіби әлеуетті нығайтуға, мемлекеттік архив қызметінің сапасын жетілдіруге және мамандардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруға ықпал етеді.



«ЖИНАҚТАУ КӨЗІ ТІЗІМІНДЕГІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-САБАҚ ӨТТІ.

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің Мәжіліс Залында «Жинақтау көзі тізіміндегі мекемелерге қызмет көрсету» тақырыбында семинар-сабақ ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік архивтермен жұмыс істеу саласындағы өзара іс-қимылды жетілдіру және ведомстволық құжаттаманы жүргізу мәселелері бойынша тәжірибелік көмектің қалай жүргізілетіндігін түсіндіру болды .
Семинар барысында мына мәселелер талқыланды:
✅ Іс номенклатурасын дұрыс құрастыру және келісу;
✅ «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу ерекшеліктері.



«ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕГІ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.

Бүгін облыстық архивтің қызметкерлерінің қатысуымен «Жаһандану дәуіріндегі экстремизмнің жаңа түрлері және олармен күресу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Атамқұлов Батырбек Керімбайұлы арнайы шақырылып, жиналғандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Дөңгелек үстел жұмысы заманауи сын-қатерлер мен экстремизмнің жаңа формаларына қарсы тұрудың маңызы туралы ой бөлісті. Қатысушылар алған ақпараттың күнделікті жұмыста тиімді пайдалану жолдарын талқылады.
Мұндай жиындар жаһандық қауіптерді уақтылы анықтап, оларға қарсы тұруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі екені сөзсіз.



“ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КОДЕКСІ” ТУРАЛЫ ЗАҢЫНА ТАЛДАУ БОЙЫНША СЕМИНАР-САБАҚ

Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII Қазақстан Республикасының Заңы болып, қолданысқа енгізіледі. Бұл кодекс цифрлық деректер мен объектілерді құру, сақтау және пайдалану кезіндегі қатынастарды реттейді.
Осы Заңды түсіндіру мақсатында облыстық архивтің қызметкерлері арасында семинар-сабақ өткізілді.
Семинар барысында Цифрлық кодекстің архив саласына қатысты 65, 90 баптары талқыланды.
Мақсаты — Цифрлық ортадағы қатынастарды реттеу адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қауіпсіздік, деректер айналымы еркіндігі, технологиялық бейтараптық және цифрлық әдеп қағидаттарына негізделеді.
Архив саласына қатысты осы Кодекстің 65-бабында цифрлық архив ұғымы нақты айқындалған.
Цифрлық архив дегеніміз – архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ұйымдастырылған және электрондық нысанда сақталатын электрондық архив құжаттарының және архив құжаттарының электрондық көшірмелерінің жиынтығы деп көрсетілген.
Цифрлық архивтің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында жұмыс істейді, ақпараттың қолжетімділігін, құжаттардың сақталуын, ақпараттың тұтастығын сақтайды, құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, 90-бап «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін архивтеу және есептен шығару мәселелерін реттейді. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық жазбалары, техникалық құжаттамасы, бастапқы кодтары және цифрлық объектісі «Цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына сәйкес архивтеуге жатады.



“Мемлекеттік есепке алуды жүргізу және ведомстволармен өзара қимыл жасау, ”Е-архив ” АЖ де жұмыс істеуге үйрету ” атты республикалық семинар өтуде

Алматы қаласындағы Алматы қалалық мемлекеттік архивінде «Мемлекеттік есепке алуды жүргізу және ведомстволармен өзара қимыл жасау, «Е-архив» АЖ-да жұмыс істеуге үйрету» атты республикалық семинары өз жұмысын бастады.
Семинарға облыстық, қалалық, аудандық архив мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстық архивтің Автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен деректер қорын құру бөлімінің басшысы М.Абдыкаримова және аға сарапшы Д.Атышева, сондай-ақ Тараз қалалық мемлекеттік архивінің бөлім басшысы Э.Еркебуланова «Жинақтау көзі тізіміндегі мекемелерге әдістемелік жұмыстардың жүргізілу тәртібі» тақырыбында баяндама оқыды.
Сонымен қатар, Жамбыл ауданының мемлекеттік архивінің директоры К.Кулекеева «Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау және мемлекеттік есебін жүргізу» мәселелеріне арналған баяндамасын ұсынды.
Семинар барысында өзекті мәселелер талқыланып, тәжірибе алмасу жұмыстары жалғасуда.