ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ!

Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы»№326-1 Заңы,Қазақстан Республикасының Мәдениет спорт министірінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы,Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығының талаптарының басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының » 1-арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы»КММ-сі, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар»шаруашылық жургізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл филиалына әдістемелік көмек көрсетілді.



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы»№326-1 Заңы,Қазақстан Республикасының Мәдениет спорт министірінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы,Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығының талаптарының басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы», «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, ««Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» ММ- не әдістемелік көмек көрсетілді.



“ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ЭЦҚ КІЛТІН АЛУ ЖОЛДАРЫ” АТТЫ СЕМИНАР-САБАҚ

Облыстық архивтің Мәжіліс Залында бөлімдер арасында тәжірибе алмасу мен біліктілікті арттыруға бағытталған семинар-сабақ өткізілді.
Тақырыбы – заңды тұлғаларға арналған электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілтін алудың жолдары мен оны практикада тиімді пайдалану мәселелері .
Семинар барысында архив қызметкерлері ЭЦҚ-ның қазіргі таңдағы маңызына, оның құқықтық күшіне және заңды тұлғалар үшін қажеттілігіне тоқталды.
Қатысушылар ЭЦҚ кілтін алудың онлайн және офлайн тәсілдерін, сондай-ақ оны ұзарту және қайта шығару тәртібін жан-жақты талқылады .
Сонымен қатар, ЭЦҚ-ны пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен оны заңсыз пайдаланудың салдары туралы да кеңес берілді .
Шараның негізгі мақсаты – бөлімдер арасындағы тәжірибе алмасуды жетілдіру және цифрлық технологияларды архив ісінде тиімді қолдану дағдыларын арттыру болды .



АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ!

Облыстық архивтің Архив құжаттарын пайдалану бөлімі «Архивтік анықтамалар, көшірмелер мен үзінділер беру» бағытында Ашық есік күнін ұйымдастырды. Іс-шара бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жоғары деңгейде өткізілді.
Аталған шараға адвокаттар алқасының өкілдері мен нотариустар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты. Кездесу барысында «Egov Mobile» қосымшасы арқылы архивке электрондық сұраныс беру мүмкіндіктері кеңінен талқыланды. Қатысушыларға цифрлық сервистерді пайдаланудың ыңғайлылығы мен тиімділігі туралы толық ақпарат берілді.
Ашық есік күні халыққа қызмет көрсетудің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды әрі пайдалы іс-шара.



НҰРКҮЛ ҚҰЛТАЙҚЫЗЫ 70 жаста!

ҚҰРМЕТТІ НҰРКҮЛ ҚҰЛТАЙҚЫЗЫ!
Сізді 70 жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіз ұзақ жылдар бойы архив саласына адал қызмет етіп, облыстық архивтің дамуына елеулі үлес қостыңыз. Құжаттардың сақталуы мен тарихи деректердің ұрпаққа жетуі – Сіздің еңбегіңіздің жарқын көрінісі.
Басқарудағы шеберлігіңіз, әріптестерге деген ілтипатыңыз бен адамгершілік қасиеттеріңіз Сізге деген ерекше құрметті туғызды. Сізден тәлім алған көптеген мамандар бүгінде салада табысты еңбек етуде.
Мемлекет Сіздің еңбегіңізді жоғары бағалап, медальдар мен Құрмет грамоталарымен марапаттады.
Сізге зор денсаулық, бақыт, отбасылық береке және ұзақ ғұмыр тілейміз! Жүрегіңіздегі жылулықты сақтап, айналаңызға нұр шаша беріңіз! 🌸
Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің ұжымы.



ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ…

Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы»№326-1 Заңы,Қазақстан Республикасының Мәдениет спорт министірінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы,Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығының талаптарының басшылыққа ала отырып, облыстық архивтің жинақтау көзі тізіміндегі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті», «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы» РММ, «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕАҚ-не тиісті әдістемелік көмек көрсетілді.



АБАЙҒА ТАҒЗЫМ…

Бүгін қазақ руханиятының төрінде тұрған Ұлы Абайдың туған күні.
Облыс зиялылары ескерткіш басына гүл шоқтарын қойып, ұлы ойшылды еске алды. Жыл сайынғы бұл дәстүр – біздің Абайға деген шексіз махаббатымыз бен құрметіміздің белгісі.
Абай сөзі – мәңгі тірі!
Абай даналығы – ұлттың рухани қалқаны!