«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ЕНГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША СЕМИНАР-САБАҚ
Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде «Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есебін жүргізу» бөлімі семинар сабақ өткізді.
Семинар-сабақта күн тәртібіндегі бірнеше өзекті мәселе қарастырылды. Бірінші болып архивтік құжаттарды электронды нұсқаға көшіруге даярлық жұмыстары баяндалса, соңынан архивтік құжаттарды «Электрондық құжаттардың бірыңғай ақпараттық жүйесіне» енгізу туралы тілге тиек етілді.



