🔱«АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАР, АРХИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫҢ КӨШІРМЕЛЕРІН НЕМЕСЕ АРХИВТІК ҮЗІНДІЛЕР БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ
ҚР Мәдениет және спорт министрінің № 159 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің негізгі ережелері туралы баяндады. Халық үшін қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында сұраныс берудің үш негізгі жолы қарастырылғаны атап өтілді: «электрондық үкімет» веб-порталы eGov.kz, Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) және тікелей мемлекеттік архивтің кеңсесі арқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түпкілікті нәтижесіне ерекше назар аударылды. Сұраныстың мазмұнына байланысты өтініш беруші келесі құжаттарды алады:архивтік анықтама — заңды күші бар және сұратылып отырған фактілерді растайтын құжат; архивтік көшірме — архивтік құжат мәтінінің сөзбе-сөз жаңғыртылуы; архивтік үзінді — құжат мәтінінің нақты бір фактіге немесе тұлғаға қатысты бөлігі. Сондай-ақ, қызметтің орындалу тәртібі мен өтініштерді өңдеу мерзімдері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Қағидаларға сәйкес:қызмет көрсетудің жалпы мерзімі — 11 жұмыс күні. Сұратылған мәліметтер болмаған жағдайда жауап 3 жұмыс күні ішінде жіберіледі. Күрделі ізденіс жүргізу қажет болған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі өтініш берушіге хабарлай отырып, 25 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.



